18 қараша 2022 16:39

2023 жылы өртсөндірушілер қанша жалақы алады? Вице-министр жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Көлдіков 2023 жылы өртсөндірушілер мен құтқарушылар жалақысы қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Көлдіков 2023 жылы өртсөндірушілер мен құтқарушылар жалақысы қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін Шығыс Қазақстан облысына іссапармен келген Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Көлдіков мәлім етті.

"Жалақыны көтеру жоспары Үкіметпен алдын ала келісілген. Келесі жылы өсім 10-нан 70 пайызға дейін болуы керек. Бір жылдан бес жылға дейін жұмыс істейтін қызметкерлерге айына 180 мың. Одан кейін бес жылдан 10 жылға дейін жұмыс істегендер жалақысы өседі. Еңбек өтіліне байланысты өсім жоспарланып жатыр. 15 жыл және одан да көп жұмыс істегендер үшін жалақы 300 мың теңгеден жоғары болады", - деп түсіндірді Марат Көлдіков.

Оның айтуынша, олар бірінші кезекте өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жоспарлап отыр.

Еске салайық, құтқарушылар мен өртсөндірушілердің жалақысын көтеру мәселесі алғаш рет осыдан бірнеше жыл бұрын көтеріліп, жалақы 65 мың теңгеден аспаған болатын. Енді жұмысқа жаңадан кіріскен маманның ең төменгі жалақысы 110-120 мың теңгеге дейін өскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети