2024 жылы Қазақстан кәсіпорындарында қанша адам қаза тапқан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылы Қазақстан кәсіпорындарында қанша адам қаза тапқан? Фото:depositphotos.com

Қазақстанның бас мемлекеттік еңбек инспекторы және Еңбек министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті басшысы Төлеген Оспанқұлов Қазақстандағы кәсіпорындарда жазатайым оқиғалардың көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас мемлекеттік еңбек инспекторы және Еңбек министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті басшысы Төлеген Оспанқұлов Қазақстандағы кәсіпорындарда жазатайым оқиғалардың көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша еліміздің кәсіпорындарында 626 қызметкер зардап шеккен, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8 пайызға артық (518 қызметкер), оның 79-ы қаза тапқан, бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29 пайызға артық (61 қызметкер)", - деді Төлеген Оспанқұлов Қостанай облысындағы өндірісте жарақат алу мәселелері бойынша кеңесте.

Оның айтуынша, Қостанай облысында (61 адам зардап шеккен), Абай облысында (51 адам), Қарағанды ​​облысында (44 адам) және Алматыда (42 адам) өндірісте жарақат алу жоғары деңгейде.

"Қостанай облысында зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарында тіркелді – 14 пайыз, машина жасау саласында – 9 пайыз. Бұл ретте жарақаттану деңгейі жоғары кәсіпорындардың бірі "Қостанай минералдары" АҚ болып отыр. Бұл кәсіпорында соңғы 5 жылда 11 адам зардап шекті, оның ішінде 1 адам қаза тапты", – деді Оспанқұлов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети