2024 жылы өткен референдумда стратегиялық шешім қабылданды - Тоқаев

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылы өткен референдумда стратегиялық шешім қабылданды - Тоқаев ЖИ арқылы жасалған

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің энергетикалық егемендігін қамтамасыз ету үшін жаңа жылу электр станцияларын салуды, бу-газ қондырғыларын іске қосуды және атом энергетикасын дамытуды қоса алғанда, энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Үкімет коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымдарды кең ауқымда модернизациялауға кіріскенін айтты.

"Жұмыс істеп тұрған 37 жылу электр стансасы жөнделді, кейбіріне жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларына тездетіп жаңа жылу электр орталықтарын салу міндеті қойылды. Түркістан мен Қызылорда облыстарындағы бу-газ қондырғылары базасында жаңа электр станциялары іске қосылмақ.

Биыл 440-тан аса қосалқы станцияны және 17 мыңнан астам шақырымды құрайтын электр желісін жаңғырту қарастырылған.

Қазақстанды қуат көзімен жеткілікті қамтамасыз етудің және экономиканы әртараптандырудың басты факторы ретінде атом энергиясы өндірілмек. Еліміздің азаматтары 2024 жылы өткен референдумда Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жөнінде стратегиялық шешім қабылдады.

Бейбіт атом, сондай-ақ таза көмір өндірісі – еліміздің энергетикалық дербестігін қалыптастыратын сала", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.31  course up  567.34  course down  6.2  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети