2025 жылға дейін СҚО-ға 10 мың адам көшіру жоспарланып отыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Солтүстік Қазақстан облысының аумағына басқа өңірлерден 10 мың адам көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысының аумағына басқа өңірлерден 10 мың адам көшіру жоспарланып отыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары талқыланды.

"Демографиялық ахуалды жақсарту үшін басқа өңірлерден адамдарды ерікті түрде қоныс аударамыз. Сондай-ақ, өтінім беру процесі еңбек биржасы платформасында жүргізіледі. Біз СҚО аумағына қоныс аударатындар үшін АЕК көлемін (отбасының әрбір мүшесіне берілетін біржолғы төлем. - автор.) 35-тен 70-ке дейін (2021 жылы отбасының әрбір мүшесіне 204 мың теңгеден. - автор) ұлғайтамыз. Субсидиялау бойынша іс-шаралар қабылдаймыз.

Шамамен 10 мың адам СҚО аумағына көшіріледі, бұл өңірдің демографиялық жағдайын жақсартады және жұмыссыздықтың 4,9 пайызға қысқаруына әсер етеді", - деді Шапкенов.

Ол жоспар бойынша, 2025 жылға дейін СҚО-да 97 мың жұмыс орны ашылатынын, оның 59 мыңы тұрақты болатынын айтты.

"Сондай-ақ, кешенді жоспар аясында 16 мың тұрақты және 10 мың уақытша жұмыс орны құрылады.

Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жастар өз бизнес жобаларын жүзеге асыруы үшін 300 мың адам оқудан өтеді деп айтқым келеді. "Еңбек" бағдарламасы бойынша біз жыл сайын 25 мың адамды жұмысқа орналастырамыз", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro