2025 жылғы ең жиі қойылған есімдер қандай?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылғы ең жиі қойылған есімдер қандай?

2025 жылы қазақстандық ата-аналар сәбилеріне ең жиі қойған есімдер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2025 жылы қазақстандық ата-аналар сәбилеріне ең жиі қойған есімдер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылы ұл балаларға қойылған ең танымал есімдер: Мұхаммед, Әлихан, Айсұлтан, Омар және Алдияр. Былтырмен салыстырғанда жаңа туған ұлдарға берілетін ең танымал есімдер тізімі өзгермеген. Дегенмен өңірлер бойынша қызық ерекшеліктер байқалады:

  • Атырау және Батыс Қазақстан облыстары - Хамза;
  • Солтүстік Қазақстан - Михаил;
  • Қалған өңірлердің басым бөлігінде - Мұхаммед және Алан.

Қыз балалар арасында ең танымал есім - Айлин. Оны барлық аймақта жиі қойған, тек төрт облыста Асылым есіміне көбірек басымдық берілген. Сондай-ақ, қыздарға жиі қойылған есімдер қатарында Медина, Айша және Томирис бар.

Ұлттық статистика бюросы мынадай деректер келтірді:

  • Ақмола облысы - Айлин және Алан;
  • Ақтөбе облысы - Айлин және Мұхаммед;
  • Алматы облысы - Айлин және Әлихан;
  • Атырау облысы - Айлин және Хамза;
  • Шығыс Қазақстан облысы - Асылым және Әмір;
  • Абай облысы - Асылым және Айсұлтан;
  • Жамбыл облысы - Айлин және Мұхаммед;
  • Жетісу облысы - Асылым және Алдияр;
  • Батыс Қазақстан облысы - Айлин және Хамза;
  • Қарағанды облысы - Айлин және Алан;
  • Ұлытау облысы - Асылым және Мұхаммед;
  • Қостанай облысы - Айлин және Алан;
  • Қызылорда облысы - Айлин және Айсұлтан;
  • Маңғыстау облысы - Айлин және Мұхаммед;
  • Түркістан облысы - Айлин және Мұхаммед;
  • Павлодар облысы - Айлин және Ислам;
  • Қазақстан облысы - Айлин және Михаил;
  • Шымкент - Айлин және Мұхаммед;
  • Алматы - Айлин және Алан;
  • Астана - Айлин және Алан.

Ведомство дерегінше, биыл орыс ұлты өкілдері арасында ең танымал есімдер - Ева және Мирон, ал өзбектер арасында - Мұхаммад және Хадича болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.51  course up  588.11  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети