2025 жылы АЕК және ең төменгі зейнетақы қалай өзгереді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылы АЕК және ең төменгі зейнетақы қалай өзгереді? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда АЕК мөлшері 3932 теңгеге дейін өседі деп жоспарланған. Бұл туралы құжат Ашық НҚА порталында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда АЕК мөлшері 3932 теңгеге дейін өседі деп жоспарланған. Бұл туралы құжат Ашық НҚА порталында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігі Ашық НҚА порталында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жариялады.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшері 3 932 теңгеге дейін өседі деп жоспарланған. Қазір ол - 3692 теңге.

Ең төменгі жалақы мөлшері өзгермейді, 85 000 теңге болып қалады, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 215 теңгеден 32 360 теңгеге дейін өседі. Елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңгенің орнына 62 771 теңге болмақ.

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін өмір сүру шекті сома 46 228 теңгеге дейін өспек, қазір бұл көрсеткіш - 43 407 теңге.

Құжат 31 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети