2025 жылы Қазақстанда 4,7 шақырым жаңа жол салу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көлік министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Жаңа жолдарды салу жобасы барысында І санаттағы 3,7 мың шақырым жол және II санаттағы 1 мың шақырым жол төселеді.
2025 жылы құрылысы басталатын жобалар:
- "Ақтөбе – Ұлғайсын" (234 шақырым),
- "Қарағанды – Жезқазған" (572 шақырым),
- "Сарыағаш қаласының айналма жолы" (102 шақырым),
- "Қызылорда қаласының айналма жолы" (20 шақырым),
- "Атырау – Доссор" (86 шақырым),
- "Рудный қаласының айналма жолы" (16,9 шақырым),
- "Жаңаөзен – Кендірлі" (156 шақырым),
- "Петропавл қаласының айналма жолы" (8 шақырым).
Жолдардағы қозғалыс жолақтарының санын көбейту жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азайтуға септігін тигізетіні атап өтілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!