2025 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері жарияланды Фото:depositphotos.com

Қазақстанда бүгінде 855 мыңнан астам адам көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алады. Олардың мөлшерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бүгінде 855 мыңнан астам адам көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алады. Олардың мөлшерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2025 жылы:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге мөлшерінде төленді.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады.

Наградталған анаға берілетін жәрдемақы ай сайын келесі мөлшерде төленеді:

  • "Күміс алқа" алқасымен наградталған аналарға – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
  • "Алтын алқа" алқасымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5 пайызға артқанын айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети