2050 жылға қарай болжам бойынша Қазақстандағы халық саны 24,5 миллион адамға жетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндады.

Бүгінгі демография қарқыны сақталып қалар болса, оңтүстік аймақтардағы тұрғындар саны 5,2 миллион адамға көбейіп, орналасу тығыздығы солтүстік облыстарға қарағанда 4 есеге дерлік асып кетуі ықтимал екен.
Еліміздің оңтүстік өңірлерінде (Алматы қаласын қоспағанда) халықтың 38 пайызы өмір сүріп, олардың өңірлік жалпы өнімге (ӨЖӨ) қосар үлесі небәрі 17 пайыз болды. Солтүстік өңірлерде болса, халықтың 29 пайызына өңірлік жалпы өнімнің 25 пайызы тиесілі.
Еске салайық, бүгін Үкімет отырысында министр Тамара Дүйсенова көші-қон саясатының жаңа тұжырымдама жобасын таныстырды.
Тұжырымдама жобасында Елбасының Ұлт жоспары-100 нақты қадамда айтылғандай инвестицияға қолайлы жағдай жасау үшін көші-қон саясатын бұдан әрі дамыту стратегиясы қарастырылып отыр. Ұзақ мерзімді немесе аралас көші-қон үлгісіне Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдерінің тажірбиесі арқау болмақ. Егер жүйелі жұмыс жүрсе, білікті мамандарды экономикалық инновациялық секторларына тартып, кәсіпкерлікті өркендете аламыз. Сондай-ақ, тұжырымдамада ұлт қауіпсіздігіне ерекше ден қойылып отыр.