07 қараша 2016 11:55

2050 жылы қазақстандықтардың жартысынан көбі оңтүстік өңірлерде тұратын болады - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shymkent.gov.kz © shymkent.gov.kz

2050 жылы қазақстандықтардың жартысынан көбі елдің оңтүстік аймақтарында өмір сүреді. Мұндай болжамды ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2050 жылы қазақстандықтардың жартысынан көбі елдің оңтүстік аймақтарында өмір сүреді. Мұндай болжамды ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің және ұлттық сарапшыларымыздың халық саны бойынша жасаған болжамына сәйкес, 2050 жылы, қазіргі демографиялық және көші-қон тенденциясын есепке алғанда, оңтүстік аймақтардың халқының саны 5,2 миллионға дейін көбейіп, елдің жалпы халық санының 55 пайызын құрайды. Ал халық тығыздығы бойынша солтүстік аймақтарға қарағанда төрт есе артады, ал бұл аймақтық еңбек ресурстарының дисбалансына әкеп соғады", - деп мәлімдеді Тамара Дүйсенова ҚР Мәжілісіндегі үкімет сағатында.

Оның айтуынша, бұл болжамның алдын алу үшін, министрлік оңтүстік аймақтың тұрғындарына еңбек ресурсы дефицит болып отырған аймақтарға көшуді үгіттеп отыр. Осы міндетті орындау үшін бағдарламаның жұмысы басталғалы бері 37 миллирд теңге бөлінген, оның 98 пайызы баспана, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына, ал қалғаны бағдарламаға қатысушыларды алғашқы бейімдеуге, жолына және мүлкін жеткізуге бөлініп отыр екен.

"2015 жылдан бері өз еркімен 5 мың отбасы көшті, бұл 18 мың адам. Олардың 78 пайызы жұмыспен қамтылды", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети