207 қазақстандық Еуропадан арнайы рейспен жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

207 қазақстандық Еуропадан арнайы рейспен жеткізілді © MFA Qazaqstan

207 қазақстандық Еуропадан арнайы рейспен жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

207 қазақстандық Еуропадан арнайы рейспен жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше,келгендердің көбі Еуропада оқитын студенттер.

"Бүгін коронавирус пандемиясы аясында әлемдегі қолайсыз жағдайға байланысты біздің отандастарымызды Қазақстанға қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында, Польшаға отандық SCAT әуекомпаниясының арнайы чартерлік рейсі жіберілді.

Польша билігі енгізген режим мен шекарасының жабылуына қарамастан, Варшавадағы ҚР Елшілігінің күшімен қазақстандық жолаушыларды отанымызға қайтару туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өткен жөн

Біздің дипломаттарымыздың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті билік пен қазақстандық әуекомпания өкілдерінің үйлесімді жұмысы нәтижесінде ұшуын бірнеше күн бойы күтіп отырған 207 жолаушы Қазақстанға сәтті оралды. Жолаушылардың басым бөлігі Еуропада оқитын қазақстандық студенттер болып табылады.

Күндіз-түні еңбек етіп, өз денсаулықтарына төніп тұрған қатерге қарамастан отандастарын рухани төзімділіктің жеке үлгісімен сергіткені үшін біздің Варшавадағы әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз", - делінген министрліктің хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети