28 маусым 2024 | 09:54

"208 мың теңгеден". Қанша қазақстандық арнаулы әлеуметтік төлем алғаны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін қанша қазақстандық арнаулы әлеуметтік төлем алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін қанша қазақстандық арнаулы әлеуметтік төлем алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

БЖЗҚ деректері бойынша, арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін міндетті шарттарды ескере отырып, оған 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер үміткер бола алады, жалпы төлемнің орташа мөлшері 208 мың теңгеден асады. Әрбір жұмыскер үшін төлем мөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарына байланысты болады.

"Жылдың басынан бері 8 476 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем (АӘТ) тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға барлығы 9 255 адам өтініш білдірген", - делінген хабарламада.

Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 840 адам жүгінген, оның ішінде 2 730 адамға тағайындалған.

Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 6 415 адам өтініш білдіріп, оның 5 746-сына тағайындалған.

Міндетті шарттарды орындамағандықтан, 342 өтініш берушіге АӘТ тағайындаудан бас тартылғаны айтылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети