20 қазан 2014 17:14

21-23 қазан күндері қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Алдағы үш күн бұлыңғыр әрі суық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.


Алдағы үш күн бұлыңғыр әрі суық болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

"Жауын-шашынды ауа райы терең циклонды және суық атмосфералық фронттарға байланысты", - дейді синоптиктер. Олардың мәліметі бойынша, 21-23 қазан аралығында Қазақстанның барлық дерлік аумағында қарға ұласатын жаңбыр жауады, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел соғады, сонымен бірге көктайғақ болып, тұман басады.

"Және тіпті республиканың оңтүстік және оңтүстік шығысында жылы және суық ауаның күндізгі ауа температурасы 20-27 градусқа көтерілген ұзақ мерзімді кезеңінен кейін жаңбыр жауып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-30 метр болатын жел күшейеді, ал күндізгі ауа температурасы 12-18 градус жылылықтан жоғары көтерілмейді", - деді қазақстандық метереологтар. 

Бұған дейін "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілі 2013-2014 жылдардағы қысқа қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суық болатынын айтқан. "Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс аумалы-төкпелі болады, суық күндер қалың қар мен жауын-шашынға өзгеріп отырады. 2013-2014 жылдардағы қысқа қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суығырақ болады", - деп хабарлады синоптиктер. Оның айтуынша, күзде жылы күндер әлі де жалғасады. Мәселен, қарашаның бірінші екі онкүндігі салтыстырмалы түрде жылы және жауын-шашынды болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети