21 жастағы Нұрайдың өлімі: туыстары соттың онлайн өтуін сұрап отыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 жастағы Нұрайдың өлімі: туыстары соттың онлайн өтуін сұрап отыр Сурет: әлеуметтік желіден

Шымкентте танасының қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың туыстары істі қайта саралап, сот поцесін онлайн форматта өткізуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сюжетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте танасының қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың туыстары істі қайта саралап, сот поцесін онлайн форматта өткізуді талап етіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv сюжетіне сілтеме жасап.

Министрліктің ресми мәлімдемесінен кейін марқұм Нұрай Серікбайдың туыстары істің әділ тергелетініне үміт пайда болғанын жеткізген.

Телеарна мәліметінше, олар сот процесінің ашық өтіп, әрбір сәті онлайн форматта жұртшылыққа көрсетілуін талап етіп отыр. Сондай-ақ отбасы қанды оқиғаны Қылмыстық кодекстің 99-бабы екінші бөлігімен қайта саралауды сұрайды. Қазіргі уақытта іс аталған баптың бірінші бөлігімен тергеліп жатыр.

"99-баптың бірінші тармағында "адам өлтіру", ал екінші тармағында "аса қатыгездікпен өлтіру" қарастырылады. Айырмашылығы өте көп. Бірінші тармағы бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін, екінші тармағы бойынша 10 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Ауыстыру үшін өтініш жаздық", – деді марқұмның ағасы Сұлтан Серікбай.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты қайғылы оқиғаға назар аударған болатын.

"Күдіктінің Нұрайды аңдып, маза бермей, қоқан-лоқы көрсеткені анықталып отыр. Ақыры, мұның арты адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді", - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан кейін Шымкент полициясының бастығы Нұрлан Алмасбеков жұмысынан босатылғаны белгілі болды.

Айта кетейік, 11 қаңтар Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы студент Нұрай қаза тапты. Полиция адам өлтіру дерегін растады және қылмыстық іс қозғады. Күдікті - марқұмның танысы, ол ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.71  course up  591.04  course up  6.66  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети