2,2 миллионнан аса қазақстандық 21250 теңге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2,2 миллионнан аса қазақстандық 21250 теңге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 тамыздағы жағдай бойынша биыл шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 миллион 508 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең.
"Төлемді 2 миллион 257,3 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 миллион 241,6 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 миллион 508 мың өтінімнің ішінде:
– 835,1 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
– 641 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 381,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 650,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 835,1 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
– 231,1 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
– 1 млн 441,8 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 2 миллион 282 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 миллион 257,3 мың қазақстандыққа аударылды.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.
Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.
Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!