Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

23-25 қыркүйек күндері жауын-шашын болмайды

22 Қыркүйек 2014, 14:31
0

23-25 қыркүйек күндері республиканың көп бөлігінде жауын-шашын болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап. Елдің батысында ғана жауын жауып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

"Елдің оңтүстік-шығысында түнгі мезгілде 3 градусқа дейін суық болады, күндіз ауа температурасы 18-25 градус жылыдан 21-29 градусқа дейін жоғарылайды", - дейді синоптиктер. Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Батыста сынап бағанасы 15-23 градустан 20-28 градусқа дейін нөлден жоғарыны көрсетеді. Оңтүстікте күн 20-28 градустан 25-30 градусқа дейін жылынады.

"Республиканың солтүстігінде, шығысы мен орталығында температуралық фон мейлінше бірқалыпты болады, солтүстік пен орталықта 17-25 градус жылы, шығыста 13-21 градус жылы болады", - дейді мамандар.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қазан айының басында Қазақстанда күн жылы болатынын хабарлаған еді. Алдағы айда республиканың барлық аумағында орташа температура нормаға жуық болады. Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда облыстарында жауын-шашын айлық мөлшерден аз түседі. Елдің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлеріндегі таулы аудандарда жауын-шашын нормадан көп болады.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай