23 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Астанада жаяу бұрқасын, көктайғақ. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Атырау облысында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с.

Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жаңбыр, қар жауады, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети