09 маусым 2014 12:24

24 студент із-түзсіз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©sdelanounas.ru ©sdelanounas.ru

Үндістанның солтүстігінде қайғылы оқиға орын алды. Жаңадан салынып жатқан гидроэлектр станциясынан суды жіберілген кезде өзен бойында жүрген 24 студентті су шайып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Оқиға кеше кешкісін Химачал-Прадеш штатында болды. Манали қаласында бет алған студенттер тобы жолда тоқтап, Беас өзені бойында фотоға түсіп жатқан. Осы кезде жаңадан салынып жатқан гидроэлектр станциясынан су жіберілді. Одан көтерілген толқын өзен жағасында жүрген 24 студентті шайып кетті. Олардың денелері әлі табылған жоқ.

Жергілікті билік өкілдері су шайып кеткен студенттердің біразы қайтыс болды деген болжам жасап отыр. Құтқару-іздестіру шаралары жалғасуда. Ал жергілікті тұрғындар мен туристер өз нарызылығын білдіріп, өзен бойындағы жолды жауып тастады. Себебі билік қоймадан судың жіберілетіні туралы хабарды алдын ала таратпады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети