248 миллион жазылушы: Джей Ло астаналықтардың видеосын бөлісті

видео кадры

Бірнеше күннен бері қазақстандықтар Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концерті туралы қызу талқылап жатыр. Осы шара қарсаңында әйгілі әнші елімізге деген қызығушылығын тағы да көрсетті. Бұл жолы ол Астанада түсірілген би видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дженнифер Лопес Instagram-парақшасындағы сториске астаналық жастардың өнерін белгілеп, олардың биін 248 миллионнан астам жазылушысы бар парақшасында бөлісті.

Скриншот: Instagram/jlo

Реклама
Реклама

"JLo, Астана сені күтіп отыр! Бишілер: Dream Way жобасының кәсіби топтары", – делінген жазбада.

Жас бишілер Джей Ло-ның хиттарына билеп, Байтеректің фонында әсерлі көрініс жасады. Бейнероликке ондаған жағымды пікірлер жазылды:

"JLo-ның сторисін ашсаң – Байтерек! Құттықтаймын, қыздар!", "Сірә, Джей Ло Қазақстанды біздің Туризм министрлігінен артық жарнамалап жатыр", "JLo концертінде қыздардың өздері өнер көрсетсін деп тілеймін" – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Дженнифер Лопестің шоуы 1 тамыз күні "Астана Арена" стадионында өтеді. Концерттің жарияланғаны сол еді, билеттерге сұраныс нағыз "қанбазарға" айналды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама