1. Басты
  2. Біл
  3. Ел жаңалықтары

25 балмен қалай грант иеленуге болады? Министрліктің жауабы

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері ҰБТ-дан 25 балл жинаған талапкерге қалайша білім беру гранты бұйырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мысалы, жоғары оқу орнына қысқа бағдарлама бойынша түсетіндер бар - олар үш жыл оқиды. 11 сыныпты бітірген түлектерге ең жоғарғы балл 140 болса, шектік балл - 50, ал екі пән таңдайтын колледж түлектеріне ең жоғарғы балл 70, шектік көрсеткіш - 25. "Атамекен" ҰКП ұсыныстары бойынша колледж түлектеріне грант бөлінген, бірақ бұл гранттар қажетсіз болып қалған. Сондықтан ең төменгі шектік балмен түлектер грантқа ие болды", - деп түсіндірді ҚР білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында. 

Еске салайық, мұның алдында білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланған. Түлектердің бірі 25 балл алып, "Дене шынықтыру және спорт" мамандығына грантқа түскен.