24 мамыр 2018 | 15:56

25 мамырда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

Синоптиктер 25 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 25 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.

"Солтүстікте, шығыста және орталықта атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, шаңды дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін.
Республиканың кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі, шаңды дауыл, тұман күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл болатыны айтылады. Ал Шығыс Қазақстан, Павлодар, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында шаңды дауыл болады.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Ал түнде Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

"Астана қаласында көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай болады. Күндіз бұршақ болуы мүмкін. Ал Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +5+7°С, күндіз +22+24 градус болады", - деп болжады синоптиктер.

Сондай-ақ, бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.

25 мамырда Ақмола облысында кей жерлерінде онтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Астана қаласында 25 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі, онтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, бұршақ болуы мүмкін.

25 мамырда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, жел 17-22 м/с күтіледі.

25-26 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел сақталады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети