25 мыңнан аса қазақстандықтың жалақысы 50 пайызға дейін көбейеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

25 мыңнан аса қазақстандықтың жалақысы 50 пайызға дейін көбейеді Фото: depositphotos.com

Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді көздейтін "Табиғи монополиялар туралы" заңға енгізілген түзетулер күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді көздейтін "Табиғи монополиялар туралы" заңға енгізілген түзетулер күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі осы заңды іске асыруға бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы биыл қыркүйектен бастап артады. Ел бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсететін 25 мыңнан аса қызметкердің жалақысы өседі. Аймақтарға байланысты және ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес еңбекақы орта есеппен 35-50%-ға көбейеді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұл түзетулерді әзірлеу былтыр басталған болатын. Биыл маусымда заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети