26 қазақстандық Омбы әуежайынан шыға алмай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 қазақстандық Омбы әуежайынан шыға алмай қалды

Вьетнамнан келе жатқан 26 қазақстандық Омбы әуежайында қалып қойды. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вьетнамнан келе жатқан 26 қазақстандық Омбы әуежайында қалып қойды. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен Омбыдағы консулдық жергілікті әуежайдан кете алмай қалған 26 қазақстандықтың елге қайтуына көмектеседі. Олар - Нұр-Сұлтан, Павлодар және Петропавл тұрғындары. Арасында бір бала бар. Өткен түні олар Вьетнамнан келген, бірақ Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, көлік қозғалысына тыйым салынғандықтан елге кіре алмай қалды", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Ведомство мәліметінше, сегіз адам Нұр-Сұлтанға ертеңгі соңғы рейспен ұшуға дайын. Қалғандары көлікпен қайтуды жоспарлап отыр. Қазақстандық дипломаттар өз азаматтарын елге көлікпен өткізу үшін ресейлік тарапқа қажетті мәліметтерді жіберген. 

Ал әзірше Қазақстан азаматтарына әуежайда кешкі ас, таңғы ас пен су беріледі.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети