26 тамыз 2019 10:01

26 тамызда ауа райы қандай болады?

photographers.ua

Синоптиктер 2019 жылдың 26 тамызында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2019 жылдың 26 тамызында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігі циклон және онымен байланысты алдыңғы бөлімдердің ықпалында болады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, желдің күшеюі, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстікте және шығыста - тұман, оңтүстікте - шаңды боран болады. Оңтүстікте, шығыста және орталықта антициклонның ықпалында ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Реклама
Реклама

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз - дауыл, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін, шаңды дауылмен, күндіз кей жерлерде күн күркірейді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр дейін күшейеді.

Күндіз Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарында жел секундына 15-22 метрге дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram