22 наурыз 2014 | 12:56

27 ауыл Алматының құрамына кіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

27 ауыл Алматының құрамына кіреді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жоспарды бекітіп бергеннен кейін әзірге Алматы облысында тұратын шамамен 100 мыңға тарта адам қалалық тұрғын болып шығады, деп хабарлайды "Алматы" телеканалы. Алматы қалалық жер қатынастары бөлімінің бастығы Владимир Яковлевтің айтуынша, Боралдай және Первомай ауылдары жерінің бөліктері, сонымен бірге Іле ауданының 604 гектар аумағы, 12 мың тұрғындарымен бірге Алматы қаласына қосылады. Ал Қарасай ауданынан 7 707 халық тұратын 17 ауыл 16 мың гектар аумағымен бірге қалаға қосылады. Талғар ауданының 6,5 мың гектардан аса аумағы ірі мегаполике қосылуы жоспарланып отыр. (Тоғыз мың тұрғынымен бірге барлығы сегіз ауыл қосылады). Мамандардың айтуынша, Алматы агломерациясының (агломерация - қарқынды дамыған өндірістік, еңбек, мәдени, тұрмыстық байланыстармен біртұтас болып біріккен қоныстар тобы, елді мекендердің жинақы орналасуы, топтасуы деген мағынаны білдіреді) дамуы миграциялық тасқынды жақсы жағынан өзгертуге көмектеседі, сонымен бірге Алматының тұрғын үй және әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне де жол ашады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматының аймағы шамамен 23,2 мың гектарға ұлғаятыны хабарланған болатын. Бұдан кейін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қаланың шекарасын кеңейту құқық қорғау органдарының бастамасы екенін айтқан еді. Өйткені өткен жылғы жағдайлар (арнайы операцияларға байланысты айтылып отыр-автордан), "бұл құрылымдарды Талдықорғаннан гөрі, Алматы қаласынан басқару жылдамырақ болады",- деді Ахметжан Есімов.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети