27 мемлекет пен төрт халықаралық ұйым EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

27 мемлекет пен төрт халықаралық ұйым EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын растады © Тұрар Қазанғапов

27 мемлекет пен төрт халықаралық ұйым EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас ассамблеясының 157-ші сессиясында мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сессия барысында 2016 жылы Анталияда өтетін бағбандық көрме және Астана-2017 мен Дубай-2020 көрмелеріне дайындық жұмыстары туралы есеп берілді. Жошыбаев халықаралық қатысушыларды шақыру, көрменің құқықтық негіздемесі және Қазақстанның ХКБ алдындағы міндеттемелерін орындау шаралары туралы баяндама жасады.

"Жошыбаев 27 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның ЕХРО-2017 көрмесіне қатысуын ресми растағаны туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, ол шетелдік мемлекеттердің қатысуын растау бойынша жұмыс барлық бағыттар мен деңгейлерде жүргізілетінін, сондай-ақ ЕХРО Милан-2015 алаңын және алдағы уақытта Астанада өтетін ЕХРО-2017 көрмесінің тұсаукесеріне келетін халықаралық қатысушылар жиынын барынша пайдалану жоспарланғанын атап өтті", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, сессия жұмысының қорытындысы бойынша ХКБ басшылығы мен мүшелері ЕХРО-2017 көрмесінің дайындық деңгейіне оң баға берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети