26 тамыз 2019 | 17:43

27 тамызда еліміздің солтүстігінде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© cdnmyslo.ru © cdnmyslo.ru

Нұр-Сұлтанда және үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда және үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 27 тамызда түнде және таңғы уақытта найзағай күтіледі. Дауылды ықтималдығы 85-90 пайыз.

27 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Петропавлда күн күркіреп, бұршақ жауады. 27 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысында күн күркіреп, тұман түседі. Бұл аймақтарда дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.

Ақмола облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Дәл осындай ауа райы Көкшетауда да қалыптасады. Дауыл ықтималдығы 85-90 пайыз.

Синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы төмендейтінін болжайды. "Күнтізбелік жаз аяқталады, бірақ жылы ауа райы сақталады, ал кей жерлерде аптап тек қысқа уақытқа ғана Қазақстан аумағынан бәсеңдейді. Солтүстік циклонның ықпалында батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн күркіреп, күшті жел соғады. Алдағы тәулікте ауа температурасы төмендейді, бірақ 29 тамызда ауа райы ыстық болады деп күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста 29 тамызда нөсер жаууы мүмкін, мұнда әлі де ыстық болады, термометр бағаналары күндіз Цельсий бойынша плюс 28-37 градусқа дейін көтеріледі", - делінген "Қазгидромет" РМК сайтында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети