Қазақстанда 28-30 наурыз аралығында күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Қазақстанда 28-30 наурыз аралығында күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның ауа райына демалыс және дүйсенбі күндері солтүстік пен оңтүстіктің фронттық аумағы ықпал ететін болады.
"Фронттардың шығыс және оңтүстік-шығысқа қарай ақырындап ығысуынан республиканың солтүстік жартысында қар жауады және желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, кей жерлерде бұрқасын болып, түнгі ауа температурасы 18-28 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, оңтүстікте суық атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, оның арты түнде қарға айналатыны хабарланды, таулы аймақтарда да қалың қар жауады деген болжам бар. Бұл өңірде түнгі ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 13 градус суық болады.
Айта кетейік, тек Батыс Қазақстанда жауын-шашынсыз, дегенмен республиканың барлық аумағындағы ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градусқа төмен болады.