28-30 наурыз аралығында елімізде күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

28-30 наурыз аралығында елімізде күн суытады ©cxid.info

Қазақстанда 28-30 наурыз аралығында күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 28-30 наурыз аралығында күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның ауа райына демалыс және дүйсенбі күндері солтүстік пен оңтүстіктің фронттық аумағы ықпал ететін болады. 

"Фронттардың шығыс және оңтүстік-шығысқа қарай ақырындап ығысуынан республиканың солтүстік жартысында қар жауады және желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар, кей жерлерде бұрқасын болып, түнгі ауа температурасы 18-28 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, оңтүстікте суық атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, оның арты түнде қарға айналатыны хабарланды, таулы аймақтарда да қалың қар жауады деген болжам бар. Бұл өңірде түнгі ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде 13 градус суық болады.

Айта кетейік, тек Батыс Қазақстанда жауын-шашынсыз, дегенмен республиканың барлық аумағындағы ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градусқа төмен болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети