28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында ғимарат салына ма? Әкімдік түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында ғимарат салына ма? Әкімдік түсінік берді

Алматы әкімдігінің өкілдері 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында шахмат клубының сүріліп, оның орнына жаңа екіқабатты ғимарат салынып жатқаны туралы қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды inAlmaty.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігінің өкілдері 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында шахмат клубының сүріліп, оның орнына жаңа екіқабатты ғимарат салынып жатқаны туралы қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды inAlmaty.kz.

Мұның алдында саябақтың аумағында орналасқан Вознесенский шіркеуінің өкілі әлеуметтік желіде ғибадатханаға қарама-қарсы саябақта тұрған жазғы шахмат павильонының сүрілгенін жазған болатын. Сол кезде құрылысшылардың бірі діни қызметкерге бұл жерде екі қабаттан тұратын ғимарат салынатынын айтқан екен.

Басылымның мәліметінше, Алматы әкімдігінің өкілдері саябақ аумағын абаттандыру жобасында шахмат павильонын демонтаждау қарастырылмағанын айтқан. Кейін Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасыныңы өкілдері уақытша павильонда орналасқан шахмат клубының "Горное бюро" компаниясының жеке бастамасы бойынша салынғанын хабарлады.

"Биыл "Горное бюро" компаниясы демонтаждау жұмыстарын жүргізді. Шахмат павильонының орнына жаңа ғимарат салу қарастырылмаған", - делінген хабарламада.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта саябақта абаттандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Мұның алдында саябақты абаттандыруға 947 миллион теңге жұмсалатыны хабарланған еді. Бірақ кейін әкімдіктегілер саябақты жөндеу шығындарын қысқартатынын мәлімдеген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети