286 миллион теңге тартқан: Астанада қаржы пирамидасы әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

286 миллион теңге тартқан: Астанада қаржы пирамидасы әшкере болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ҚМА Астана бойынша департаменті Happy Life KZ қаржылық пирамиданың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Астана бойынша департаменті Happy Life KZ қаржылық пирамиданың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдікті 2016 жылдан 2024 жылға дейін биологиялық белсенді қоспаларды сатамын деген желеумен салымшыларды тартып, оларға әр жаңа қатысушы үшін 10 райыздан 300 пайызға дейін табыс уәде еткені анықталды.

"Салым сомасы маркетингтік стратегияға байланысты 7 500-ден 2 миллион теңгеге дейін өзгеріп отырған. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 286 миллион теңгеден асқан. Нәтижесінде күдікті қаржылық пирамидаға 35 адамды тартқан", - делінген хабарламада.

Барлық зардап шеккендер – жеңіл табыс туралы құрғақ уәдеге сеніп қалған зейнеткерлер екенін атап өту керек, олар өз жинақтарының басқа салымшылар арасында ақша бөлу схемасының бір бөлігіне айналатынын сезбеген.

"Қаржылық тергеу жүргізу барысында күдікті заңсыз жолмен алынған қаражатқа элиталық тұрғын үй кешенінен 36 миллион теңге тұратын пәтер сатып алғаны анықталды.

Соттың санкциясымен аталған пәтерге тыйым салынды. Сот күдіктіге "ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған".

Сотқа дейінгі тергеу жалғаып жатыр.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети