29 градусқа дейін аяз: 16 ақпанда ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

29 градусқа дейін аяз: 16 ақпанда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК 16 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы қалыптасады. Онымен республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын, екпінді жел, жаяу бұрқасын болады. Сондай-ақ ел бойынша тұман мен көктайғақ болжанады.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз Атырау облысының шығысында, орталығында қатты қар күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети