29 жастағы ер адам қызына қатысты қылмыс жасағаны үшін өмір бойына сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

29 жастағы ер адам қызына қатысты қылмыс жасағаны үшін өмір бойына сотталды Фото:depositphotos.com

СҚО-да қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО-да қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында өзінің сегіз жастағы қызына зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған 29 жастағы ер адамға сот үкімі шықты.

Бұл іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 2024 жылғы қазаннан бастап жабық режимде қаралды. Судья Ерлан Нұршәріпов үкімді 24 ақпанда шығарды.

"Сот С.-ға өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауға үкім шығарды", - деп жазылған ақпаратта.

Сотталған адам жазасын өмір бойы төтенше қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сот сотталушыдан үш миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян, бір миллион теңге сомасында өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығындарды өндіріп алу туралы шешім шығарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети