3 ай бұрын ұсталған “Астана LRT“ экс-басшысы Талғат Ардан әлі Түркияда

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

3 ай бұрын ұсталған “Астана LRT“ экс-басшысы Талғат Ардан әлі Түркияда Талғат Ардан. Фото: alrt.kz

"Астана LRT" компаниясының экс-басшысы Талғат Ардан, биыл мамырда Түркияда ұсталғанымен, әлі күнге дейін Қазақстанға экстрадицияланған жоқ. Толығырақ мәліметті Бас прокуратура хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана LRT" компаниясының экс-басшысы Талғат Ардан, биыл мамырда Түркияда ұсталғанымен, әлі күнге дейін Қазақстанға экстрадицияланған жоқ. Толығырақ мәліметті Бас прокуратура хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Бас прокуратурасы Талғат Арданды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін оны экстрадициялау туралы өтінішті Түркияның Әділет министрлігіне жолдаған.

"Бүгінде түрік тарапы бұл өтініш бойынша шешім қабылдаған жоқ, себебі Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы 1995 жылғы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және тұлғаларды беру туралы келісімде мұндай өтініштерді қарау мерзімі нақты көрсетілмеген", – делінген Бас прокуратураның Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.

Қарапайым тілмен айтқанда, келісімде мұндай өтініштерді қарау мерзімі жазылмаған. Яғни, Түркия бұл өтінішті бір жылдан кейін де, 10 жылдан кейін де қарауы мүмкін.

"Оның экстрадициясына қатысты өтінішті қарау Түркияның ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады", – деп қосты Бас прокуратура.

Егер Талғат Ардан Қазақстанға экстрадицияланса, оның Түркияда қамауда отырған уақыты Қазақстан соты тағайындаған жазаны өтеу мерзіміне қосылады.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК Антальяда "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан ұсталғанын мәлімдеді.

LRT ісі бойынша тергеу бес жыл бұрын аяқталды. Осы уақыт ішінде басты айыпталушылар, яғни "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан мен Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков халықаралық іздеуде болды.

Айта кетейік, Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков 5,3 жыл іздеуде болды. Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Ардан 6 жылдан бері іздеуде болды.

Еске салайық, 2023 жылы мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT ісі бойынша айыпталушылар Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сырттай үкім жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети