12 сәуір 2024 | 13:26

"3 күнге азық-түлік жинаңыз". СҚО ауылдарының бірінде эвакуация жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр

Петропавл қаласының маңында, Тепличный ауылында адамдар эвакуацияланып жатыр. Tengrinews.kz тілшілері Иван Сухоруков пен Тұрар Қазанғапов су тасқыны болған ауылға барып, жағдайын бақылады.


Иконка комментария блок соц сети

Петропавл қаласының маңында, Тепличный ауылында адамдар эвакуацияланып жатыр. Tengrinews.kz тілшілері Иван Сухоруков пен Тұрар Қазанғапов су тасқыны болған ауылға барып, жағдайын бақылады.

Түсірілім тобы бұзылған бөгеттің орналасқан жеріне жақын жүрген еді, енді су Тепличный ауылына қарай жылжып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл - Подгора және Кожевенный шағын аудандарының тұрғындарын эвакуациялау басталды, Заречный кенті толығымен эвакуацияланды. Сонымен қатар, қала маңындағы Тепличный, Прибрежное, Семей ауылдарының тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, облыс бойынша 1922 адам эвакуацияланды.

Tengrinews.kz тілшілері Тепличное кентінде көшелер мен үйлерді су басу қаупіне байланысты жергілікті тұрғындарға ескерту қалай өтіп жатқанын көрді.

"Үш күнге құжат, жылы киімі, төсек-орын, су мен азық-түлік қорын жинаңыз", - делінген ТЖД қызметі жергілікті тұрғындарға арналған хабарламасында.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлевтің айтуынша, өңірде 162 үй су басқан.

Фото Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Айта кетейік, ауылдың айналасында бөгетті нығайту үшін құтқарушылар, құрылысшылар, сарбаздар, түрлі кәсіпорындардың қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар апта бойы жұмыс істеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети