Ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларына қатысты 65 қылмыстық істің ішкі істер органдарында тергеліп жатқанын, олардан үш мыңнан астам қазақстандық зардап шеккенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігі қаржы пирамидаларына қатысты 65 қылмыстық істің ішкі істер органдарында тергеліп жатқанын, олардан үш мыңнан астам қазақстандық зардап шеккенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов елімізде қылмыстың бұл түрі жыл сайын азайып келе жатқанын айтты.
"Бүгінде ішкі істер органдарында осы санаттағы 65 қылмыстық іс бар, олардан 3 мыңнан аса адам зардап шеккен. Қабылданған шаралар нәтижесінде, оның ішінде сайттарды бұғаттау, ұйымдастырушыларды, филиалдарды, құрылымдық бөлімшелерді анықтау бойынша 180-нен астам қаржылық инвестициялық компаниялар мен фирмалардың қызметі тоқтатылды. 2021 және 2022 жылдары 138 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 50 сотталды, қалғандарына қатысты сот талқылауы жүріп жатыр", - деді Әділов ОКҚ брифингінде.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы үш миллиард болатын жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, жеке үйлерге, пәтерлерге, жер телімдеріне, көліктерге, жеке шотқа бұғат қойылды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қаржылық пирамидалардың жетекшілері немесе ұйымдастырушыларының көбі шетелде немесе шетелдіктер.
"Осыған байланысты біз халықаралық байланыс арналары арқылы конвенцияларда көзделген тәртіптер шеңберінде күдіктілердің тұрған жерін анықтаймыз, олардың активтері мен шетелдегі шоттарының, қылмыстық әрекеттер жасау нәтижесінде сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы тексеріледі.
Мысал ретінде мен TeleTrade D. J. Limited басшылығына қатысты қылмыстық істі келтіремін, онда басқа мемлекеттердің - Армения, Латвия, Литва, Ресей және басқалардың шетелдік банктеріндегі тергеу аясында осы компанияның ақша қаражаты бар банктік шоттарының болуы анықталды - 700 мың доллардан астам және 130 мың еуро. Сондай-ақ, Түркиядағы қонақүй және үш пәтер түріндегі активтер белгіленді. Іс сотқа жіберілді", - деді Әділов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!