Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

30-дан аса қостанайлық Qnet LTD қаржы пирамидасының құрбаны болды - ҚМА 07 маусым 2023, 11:31

Қостанайда Qnet LTD құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша қылмыстық
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

видео кадры

Қостанайда Qnet LTD құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА аумақты департаменті мәліметінше, күдіктілерді Qnet LTD қаржы пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалаған.

"30-дан аса адам қылмыстық әрекеттердің құрбаны болды. Күдіктінің қылмыстық ісін тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден аса шығын толық көлемде өтелді, осыған байланысты тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды", - делінген хабарламада.

ҚМА азаматтарды қырағы болып, жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram