02 қыркүйек 2016 | 23:47

30 жылдай қанаттаса жұмыс істеген досымнан айрылғаныма қайғырамын - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Абдуганиевич Каримовтің дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын айтқан.

Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстандықтар бұл мезгілсіз әрі орны толмас қазаның ауыртпалығын бауырлас Өзбекстан халқымен бірге бөліседі. 30 жылдай қанаттаса жұмыс істеген досымнан айрылғаныма қайғырамын", - делінген көңіл айту жеделхатында.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев елдің экономикалық әлеуетінің дамуына, оның халықаралық беделінің өсуіне, қоғамның әл-ауқатының артуына ықпал еткен ауқымды өзгерістердің жүзеге асырылуы Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің бастауында тұрған Ислам Каримовтің есімімен байланысты екенін атап өтті.

"Ол өзінің бүкіл өмірін туған халқына қалтқысыз қызмет етуге арнады,  әрдайым Қазақстанның сенімді досы болды және біздің халықтарымыздың арасында достық пен тату көршіліктің нығая түсуіне үлкен үлес қосты", - делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Ислам Абдуганиевич Каримовтің туыстары мен жақындарына және елдің басшылығы мен бауырлас Өзбекстан халқына қатты қайғырып көңіл айтты.

Осыған дейін Өзбекстан телеарналары Ислам Кәрімовтің қайтыс болғанын ресми түрде жариялаған болатын. Артынша Өзбекстан президентінің кіші қызы Лола Каримова-Тилляева Instagram желісінде әкесінің қайтыс болғанын мәлімдеді. "Ол бізді тастап кетті... Сөз таңдап отырып, өзім сене алар емеспін", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында. 

Ислам Каримовті жерлеу рәсімі Самарқанда 3 қыркүйекте өтетіні хабарланды. Президенттің қазасына байланысты Өзбекстанда үш күнге қаралы күн жарияланады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети