ЭКСПО қазан айының соңына дейін қоғамдық тамақтану операторларын іріктеу бойынша байқау жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайына сілтеме жасап. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев брифинг барысында айтты.
ЭКСПО қазан айының соңына дейін қоғамдық тамақтану операторларын іріктеу бойынша байқау жариялайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайына сілтеме жасап. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев брифинг барысында айтты.
"Қазан айының соңына дейін Ұлттық компания көрме кезінде шара алаңында қоғамдық тамақтану нысанын салу үшін операторларды іріктеп алуға ашық байқау жариялайды. Біз 30 мейрамхана мен 14 қоғамдық тамақтану дүңгіршегін салуды қарастырып отырмыз. Көрменің форматын ескере отырып, адам саны көп болатындығы күтілуде, осыған орай, әлем асханалары мен республика асханасының әртүрлілігін паш ету жоспарланып отыр", - деді Д.Еркімбаев.
Оның айтуынша, байқау қазан айынан бастап жылдың соңына дейін жалғасады.
"2017 жылдың басынан бастап аталмыш нысандар бойынша көрме алаңында жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Нысандар жалға беру әдісімен жұмыс істейді. Байқау тендерлік талаптар бойынша өтеді, алайда бұл ашық байқау болғандықтан, талаптар қатал емес, бюджеттік қаржы қарастырылмаған. Операторлар жөндеу жұмыстарын өз қаражатына жасайды. Іріктеудің талабы: тәжірибенің болуы, сапа, дизайн, бағалық саясат", - деді Д.Еркімбаев.
Байқауға әлемдік желілер де қатысатындығы айтып өтілді.
"Біз әлемдік желілердің қатысқанын қалаймыз. Көрме аясында олар Қазақстанға кіре алар еді. 30 мейрамхананы біз қамтамасыз етсек, 20-сы қатысушы елдердің халықаралық павильондарында орналасады. Бүгінде 10 ел өздерінің асханаларын таныстыруға келісім берді. Сондай-ақ, олардың әр біреуінде 14 дүңгіршек пен 4 оператор болады", - деді компания өкілі.
Ұйымдастырушылар байқаудың ашық өтетіндігін айтты, ай соңына дейін талаптар туралы ақпарат компания сайтынан жарық көреді.
"Жобаның маңыздылығын ескере отырып, бұл байқауға аса көңіл бөлеміз. Аталмыш бағытта бизнес саласы белсенді қатысатынынан үміттіміз. Көрмеге 5 млн адам келеді. Аталмыш саладағы бизнесті оң бағытта ынталандырады деген үміттеміз", - деді ол.