300 миллион теңге “табыс тауып“ қашып кеткен: Дубайдан қазақстандық экстрадицияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

300 миллион теңге “табыс тауып“ қашып кеткен: Дубайдан қазақстандық экстрадицияланды видео кадры

Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері заңсыз мұнай айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады.

"Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жалпы сомасы 300 миллион теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мұнайды заңсыз өткізу бойынша әрекеттер жасаған. Қылмыс жасағаннан кейін қаскүнем жасырынып, ол халықаралық іздеуге жарияланған", - делінген хабарламада.

2024 жылы іздеудегі адам Дубайда анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол жерден Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Айта кетейік, 2024 жылы оның сыбайласы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған.

Қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети