26 желтоқсан 2014 | 16:50

31 желтоқсан күні демалыс болуы керек пе

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ресейде 31 желтоқсанды демалыс күні деп белгілеу ұсынылды. Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік Думаға Қоғамдық палатаның азаматтарды әлеуметтік қолдау мен өмір сапасы жөніндегі комиссиясының мүшесі Сұлтан Хамзаев осындай ұсыныс білдіріп отыр, - деп хабарлайды Ресейдің ақпарат құралдары. Tengrinews.kz қазақстандық депутаттардың бұл ұсынысты біздің елде жүзеге асыруға қатысты пікірлерін білді.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейде 31 желтоқсанды демалыс күні деп белгілеу ұсынылды. Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік Думаға Қоғамдық палатаның азаматтарды әлеуметтік қолдау мен өмір сапасы жөніндегі комиссиясының мүшесі Сұлтан Хамзаев осындай ұсыныс білдіріп отыр, - деп хабарлайды Ресейдің ақпарат құралдары. Tengrinews.kz қазақстандық депутаттардың бұл ұсынысты біздің елде жүзеге асыруға қатысты пікірлерін білді.

"Менің ойымша, құптарлық ұсыныс, себебі ертеңіне мереке. Негізгі жиын, жұмыс, Парламент палаталарының отырысы барлығы өтті, үкіметтегі кездесулер де аяқталып, қорытындылар шықты. Менің ойымша, 31 желтоқсанды демалыс күні деп белгілеу керек, себебі бұл күн онсыз да демалыс", - деді сенатор Сергей Плотников.

"Неге олай етпеске", - деп қысқа жауап берді оның әріптесі Мұхтар Алтынбаев.

Депутат Людмила Полторабатьконың айтуынша, уақытты тиімді қолдану үшін 31 желтоқсан жұмыс күнін басқа күнге ауыстыруға болады. Әйтпесе демалыс күндер көбейіп кетеді. 

"Бұл күнді басқа күнге ауыстыруға болатын сияқты, мысалы сенбіге дегендей, себебі адамдар Жаңа жылға дайындалуы керек қой. Әсіресе әйелдерге, себебі дайындықтың қамы түгелдей әйелдің мойнында. Еркектер кешке жұмыстан келіп дайын үстел басына жайғаса береді. Ал әйелдерге тамақ әзірлеп, үй жинап, әдемі болып жүру үшін сәндену керек", - дейді сенатор.

Бұл ұсынысты Мәжіліс депутаты Николай Логутов қолдады. "Иә, бұл керек те шығар. Себебі адамдар алдын ала дайындалып, мерекелейді, мейрамның аты мейрам. Біреулер үлгермей қалып 31-і де, 1-і де жұмыс істейді. Сондықтан ұсынысты қолдау керек сияқты. Мен осы күні қызметкерлеріне демалыс беретін кәсіпорындарды да білемін. Жалпы үздіксіз жұмыс күндері деген бар емес пе, бәлкім бір себебі бар шығар", - дейді ол.  

Бірақ кейбір депутаттар төрт күн демалыстың өзі жеткілікті деп есептейді. "Менің ойымша бізге қазір көп жұмыс істеу керек, онсыз да мейрам жетеді. Менің ойымша адамдар демалып қана қоймай, сол мейрамдардан жалығып та үлгереді. Сондықтан менің ойымша қазір экономиканы қалай жылдам оңалтуды ойлап, көп жұмыс істеу керек", - деді Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев. 

Оның пікірін сенатор Сергей Громов қолдады: "Менің ойымша, бұл - мақсатсыз дүние, себебі бізде мейрам көп. Егер Ресейдің ізімен жүретін болсақ, бізге жарты жыл демалуға тура келеді. Мұның бізге керегі не? Жұмыс істеу керек. Кеше Президент қандай талап қойды: бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз қажет, азырақ демалу керек. Желтоқсанның 31-і түсінікті енді, ол күн онсыз да толық жұмыс күні емес, бәрі ұжымдық Жаңа жыл кештерін бұл күнге дейін өткізеді. 31-і әйтеуір отбасымен бірге болып, отбасымен мерекелеу керек. Бақандай төрт күн демалыс, не істеуге болады? Мас болып, бас жазып соңында демалыстан шаршап кетуге болады", - деді ол.

Айта кетейік, Ресейде 2015 жылдың жаңажылдық демалыстары қаңтардың 1-інен 11-іне дейін 11 күнге созылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети