31 қазанда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

31 қазанда ауа райы қандай болады? Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 31 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 31 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Фронталды бөлімдердің ықпалымен республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері ғана жоғары қысым ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Нұр-Сұлтанда ауа температурасы күндіз 2 градус болады, бұлтты.

Алматыда күндіз 10 градус, бұлтты.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында жел соғады. Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және батысында тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. 

Павлодар облысында жел күшейеді, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 23 метрге жетеді, облыстың солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында түнде, күндіз солтүстікте, шығыста және орталығында көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жел, түнде және таңертең тұман болады.

Қазақстандағы ауа райы болжамының картасын мына жерден көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети