31 мамыр 2020 | 11:16

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: tengrinews.kz мұрағатынан Сурет: tengrinews.kz мұрағатынан

Бүгін, 31 мамыр Қазақстанда Саяси репрессия құрбандарын еске алу күні, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 31 мамыр Қазақстанда Саяси репрессия құрбандарын еске алу күні, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елімізде, 1997 жыл­дан бері, Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығынан соң Саяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу күні атап өтіледі. ХХ ғасырдың басында этностық және діни тегі бөлек миллиондаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне тү­сіп, өзгеше ойлағаны үшін күнәсіз сотталып, ту­ған жерлерінен аяусыз айдалып, ГУЛАГ түр­мелерінде жазықсыз көз жұмды. Елбасы біз үшін, азат, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз екенін айтып өткен болатын.

Өткеннің ауыр сабақтарын сараптай отырып, кеше, 30 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырғанын жариялаған болатын. Комиссия туралы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев әлеуметтік желідеге парақшасында тарқата айтып берді.

"Жаңадан құрылған органның миссиясы - саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай саяси және заңды түрде ақтау жақсатында жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру. Президенттің комиссия алдына қойған міндеттері және оның аясында жүргізілетін жұмыстар мынадай: Біріншіден, жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамалық ұсыныстар әзірлеу; Екіншіден, жапай саяси қуғын-сүргін құрбанына теңестірілетін және саяси ақтауға жататын тұлғалар санатын бекіту; Үшіншіден, ақталғандарды мәңгі есте қалдыру, олардың жерленген жерлерін іздеу және күтіп-ұстауды ретке келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Төртіншіден, ақталғандардың құқықтарын қалпына келтіру мәселелері бойынша өтінімдер мен шағымдарды қарау. Аталған міндеттер мемлекеттік комиссия жұмысы сұлбасын нақты бейнелейді. Оның барысы жайында қоғамға тұрақты түрде ақпарат берілетін болады", - деп жазды Дәурен Абаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети