33 градус ыстық. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

33 градус ыстық. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 25-27 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 25-27 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстік облыстарында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста, шығыста түнде жауын-шашын болады. Елдің қалған бөлігі батыс антициклонының ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Республика бойынша тұман күтіледі. Батыста және оңтүстік облыстарда жел күшейіп, күн күркіреп шаңды дауыл тұрады. Шығыста түнде көктайғақ, күндіз оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-30-ға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және елдің орталығында 20-27-ге дейін, шығыста 15-23-ке дейін, оңтүстікте 25-33-ке дейін, оңтүстік-шығыста 17-25-ке дейін жылынады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети