07 желтоқсан 2022 | 09:19

33 градусқа дейін аяз. 7 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК 7 желтоқсанда Қазақстанның әр өңірінде ауа райы қандай болуы мүмкін екенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" РМК 7 желтоқсанда Қазақстанның әр өңірінде ауа райы қандай болуы мүмкін екенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада сәрсенбіде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел екпіні - секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 28-30, күндіз 18-20 градус аяз.

Ақмола облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Жел екпіні - секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 25-30, күндіз 16-21 градус аяз. Көкшетауда ауа райы жауын-шашынсыз. Жел екпіні - секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 17-19 градус аяз.

Алматыда синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжайды. Жел екпіні - секундына 0-5 метр. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 3-5 градус аяз.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қар жауады. Облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы: түнде 7-12, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 16-21 градус аяз, күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 12 градус аяз. Қонаевта - жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде 10-12, күндіз 3-5 градус аяз.

Шығыста, Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған қар жауады. Түнде және таңертең облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда 21 градус, күндіз 3-8 градус, облыстың таулы аудандарында 11 градус аяз болады. Талдықорғанда - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 5-7 градус аяз.

Шымкентте күн бұлтты, күндіз қар жауады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 5-10 метр болады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 1-3 градус аяз.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерінде қар, тұман, көктайғақ бар. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні - 8-13, тау асуларында секундына - 15-20 метр. Түркістанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына - 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 2-4 градус аяз.

Батыс Қазақстан облысында күн жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соққан жел екпіні - секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 5-10 градус аяз. Оралда бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 8-10 градус аяз.

Атырау облысында да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 5-10 градус аяз. Атырауда - бұлт аз, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: 15-17, күндіз 6-8 градус аяз.

Маңғыстау облысында да жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман болады. Ауа температурасы түнде 6-11 градус, облыстың солтүстік-шығысында 14-19 градус аяз, күндіз 0-5, облыстың солтүстік-шығысында 8 градус аяз. Ақтауда бұлт аз, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы: түнде 9-11, күндіз 1-3 градус аяз.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман болады. Ауа температурасы түнде 19-24, облыстың оңтүстігінде 14 градус, күндіз 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде 10 градус аяз. Ақтөбеде бұлт аз, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 15-17 градус аяз.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 23-28, облыстың солтүстігінде 31, облыстың оңтүстігінде 19 градус аяз, күндіз 17-22, облыстың оңтүстігінде 13 градус аяз. Қостанайда бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 18-20 градус аяз.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 21-26, облыстың оңтүстік-батысында 30, күндіз 16-21 градус аяз. Петропавлда ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 16-18 градус аяз.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде 27-32, облыстың солтүстігінде 23 градус, күндіз 21-26, облыстың солтүстігінде, батысында 18 градус аяз. Павлодарда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 28-30, күндіз 21-23 градус аяз.

Қарағанды облысында секундына 9-14 метр шығыс жел соғады деп күтілуде. Ауа температурасы түнде 25-30, облыстың шығысында 33, облыстың оңтүстігінде 22 градус аяз, күндіз 14-19, облыстың солтүстігінде 22, облыстың оңтүстігінде 11 градус аяз. Қарағандыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 16-18 градус аяз.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында аздаған қар, қар жауады. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың солтүстігінде 28, күндіз 8-13, облыстың солтүстігінде 18 градус аяз. Жезқазғанда бұлтты, күндіз аздаған қар жауады. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 11-13 градус аяз.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады. Ауа температурасы түнде 25-30, шығыста 33, облыстың оңтүстігінде 22 градус, күндіз 18-23, облыстың оңтүстігінде 10-15 градус аяз. Өскеменде ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 18-20 градус аяз.

Абай облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 25-30, облыстың солтүстігінде 33, облыстың оңтүстігінде 20 градус аяз, күндіз 18-23, облыстың солтүстігінде 26, облыстың оңтүстігінде 13 градус аяз. Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 31-33, күндіз 20-22 градус аяз.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде қар аз жауады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың солтүстігінде 22 градус, күндіз 6-11, облыстың солтүстігінде 16 градус аяз. Қызылордада бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 7-9 градус аяз.

Түнде таулы аудандарда, күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда қар, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 20 градус, күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 12 градус аяз болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети