15 қыркүйек 2020 | 09:24

34 жастағы қазақстандық Украинада "Нафтогаз" топ-менеджері болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/oljik_baiganov Фото: instagram.com/oljik_baiganov

34 жастағы қазақстандық Олжас Байғанов украиналық "Нафтогаз" компаниясының жаңа топ-менеджері болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


34 жастағы қазақстандық Олжас Байғанов украиналық "Нафтогаз" компаниясының жаңа топ-менеджері болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мұндай ақпаратты оның ағасы, танымал экономист Арман Байғанов айтты.

Оның сөзінше, Олжас "Барлау және өндіру" дивизионының коммерциялық жоспарлау және бизнес дамыту жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.

"Ол жерде көп жұмыс атқарылады. Олар компанияны ІРО-ға, Лондон биржасына шығуға дайындайды. Олжас сыртқы, техникалық аудиториямен өзара қарым-қатынасқа жауап береді. Бұл - жауапкершілігі жоғары жұмыс. Олжас Санжар Жаркешовтің ұсынымы бойынша шақыртылды. Ол оны білімді маман, өз ісінің шебері деп біледі", - деді Арман Байғанов.


"Барлау және өндіру" дивизионының коммерциялық жоспарлау және бизнес дамыту жөніндегі басқарушы директоры Олжас Байғанов

Ағасы Олжастың қарамағында төрт департамент болатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жаркешов "Нафтогазда" жоғары лауазымға тағайындалғаны хабарланды. Ол "Барлау және өндіру" дивизионы басшысының орынбасары болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.5   535.02   5.16 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети