3,4 миллионға дейін: Қазақстандағы ең жоғары жалақылар аталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

3,4 миллионға дейін: Қазақстандағы ең жоғары жалақылар аталды Фото:depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың желтоқсанында жұмыс берушілер ең жоғары жалақы төлеуге дайын болған бос жұмыс орындарын жариялады. Сонымен қатар, ең сұранысқа ие мамандықтар аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың желтоқсанында жұмыс берушілер ең жоғары жалақы төлеуге дайын болған бос жұмыс орындарын жариялады. Сонымен қатар, ең сұранысқа ие мамандықтар аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылғы желтоқсанда бос жұмыс орындарының басым бөлігі әлеуметтік және базалық салаларға тиесілі болды. Ең көп вакансия білім беру саласында тіркелді – 23,3 мың. Одан кейін өзге қызмет түрлері (23,2 мың) мен ауыл, орман және балық шаруашылығы (18,7 мың) орын алды. Бұл үш бағыт желтоқсандағы барлық бос жұмыс орындарының шамамен 60 пайызы болған.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада, өңдеуші өнеркәсіпте, сауда мен құрылыс салаларында да кадрларға сұраныс сақталды. Бұл жыл аяғында да жұмыс берушілердің қызметкерлер іздеуді тоқтатпағанын көрсетеді.

Ал жұмыс іздеушілер арасында бухгалтерлер, заңгерлер мен медициналық мейірбикелер белсенді болды. Түйіндемелердің 52,1 пайызы әйелдерге, 47,9 пайызы ер адамдарға тиесілі. Әйелдер көбіне білім беру мен медицина салаларын таңдаса, ер адамдар техникалық және басқарушылық қызметтерге қызығушылық танытқан.

Жас ерекшелігі бойынша жұмыс іздеушілердің басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар. Бұл барлық түйіндемелердің 40,8 пайызын құрады.

Жалақы деңгейі бойынша желтоқсанда бос жұмыс орындары арасында ең жоғары ұсыныстар:

  • өндіріс басшысы (шамамен 1,8 млн теңге),
  • кеніш директоры (шамамен 1 млн теңге)
  • инженер-химик (шамамен 1 млн теңге) лауазымдарына қатысты тіркелді.

"Ал жұмыс іздеушілер тарапынан ең жоғары жалақы күтімі агроном-энтомологтар (шамамен 3,4 млн теңге), стюардессалар (шамамен 3,3 млн теңге) және компьютерлік жабдықты монтаждаушылардың (шамамен 2,7 млн теңге) түйіндемелерінде көрсетілді", - делінген хабарламада.

Жалпы алғанда, желтоқсанда еңбек нарығында бос жұмыс орындарының өсуі мен жұмыс іздеушілер белсенділігінің төмендеуі байқалды. Мамандар бұл үрдісті маусымдық құбылыс деп бағалап, 2026 жылдың басында еңбек нарығында теңгерім қайта қалпына келеді деп болжайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.4  course up  594.29  course up  6.5  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети