25 мамыр 2023 | 08:57

35 градус ыстық және жаңбыр: Қазақстанда 25 мамырда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет 25 мамырда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет 25 мамырда Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейсенбіде Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 25-27 градус жылы.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 22-24 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 26-28 градус жылы.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 9-14, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың солтүстік-шығысында 4, күндіз 24-29 градус жылы.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауады, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, көктайғақ), найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, найзағайдың екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың таулы аймақтарында 2 градус аяз, күндіз 20-25, облыстың таулы аймақтарында 10-15 градус жылы.

Күндіз батыста, Түркістан облысының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде құмды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан 8-13, таңертең және күндіз солтүстікте, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20, екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың таулы аймақтарында 10, күндіз 26-31, облыстың таулы аймақтарында 23 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 9-14 жел соғады, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-33 градус жылы.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстікте, солтүстік-шығыста, облыс орталығында құмды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, солтүстікте, солтүстік-шығыста, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, күндіз 32-37, облыстың батысында 27 градус жылы.

Күндіз Қостанай облысының солтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде 16, күндіз 26-31 градус жылы.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, күн күркірейді. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 22-27 градус жылы.

Күндіз оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың таулы аймақтарында 6, күндіз 23-28, облыстың таулы аймақтарында 20 градус жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети