14 маусым 2017 | 13:38

35 жастағы әйелден соққы көрген баланың ісі Адам құқығы жөніндегі уәкілдің ерекше бақылауына алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 35 жастағы әйелдің 10 жастағы баланы ұруына қатысты істі адам құқықтары жөніндегі уәкіл ерекше бақылауға алды. Бұл туралы балалар құқықығын қорғауға арналған баспасөз мәслихаты кезінде Мемлекеттік емес ұйымдар үйлестірушісі Ришат Рахимов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол осы іспен жеке танысу үшін Алматыға келгенін айтты. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 35 жастағы әйелдің 10 жастағы баланы ұруына қатысты істі адам құқықтары жөніндегі уәкіл ерекше бақылауға алды. Бұл туралы балалар құқықығын қорғауға арналған баспасөз мәслихаты кезінде Мемлекеттік емес ұйымдар үйлестірушісі Ришат Рахимов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол осы іспен жеке танысу үшін Алматыға келгенін айтты. 

Еске салайық, Алматыда 35 жастағы әйел өзінің 13 жастағы ұлын жақтап, 10 жастағы баланы сабап тастаған болатын. Балалар ойнап жүріп төбелесіп қалған екен. 

Рахимовтың айтуынша, қазір балаға психолог жәрдем беріп жатыр. 

"Бұл мәселе ерекше қадағалауда. Іс жылы жабылып қалмайды. Біз ІІМ мен Бас прокуратураның қадағалауда ұстауын сұрадық. Сот кезінде заңды көмек бере алмаймыз, бірақ, барынша қолдау білдіреміз", - дейді Рахимов. 

Өз кезегінде Халықаралық адам құқығы жөніндегі ұйымның Қазақстандағы бюросының директоры Роза Ақылбекова екі тарапқа да заң тұрғысынан кеңестер беріліп, істің арты немен бітуі мүмкін екенін ескертілгенін айтты. Қазір іс ҚР ҚК-нің 108-бабы бойынша тергеліп жатыр, дегенмен, сот сараптамасының қорытындысына байланысты бап ауыстырылуы мүмкін. 

"Біз роликті көрдік. Әлеуметтік желіде дау тудырды. Көпшілік әйелдің тұратын жерін біліп, өздері жазалағысы келеді. Бұл дұрыс емес. Қоғамның белсенділігі дұрыс болғанымен, қатыгездіктің арты қатыгездікпен жалғаспауы керек. Қылмыс жасаған адам жазасын алып, бала әділдік барын көру керек. Бастысы оның ішкі әлемін қалпына келтіру. Сот қандай шешім шығарса да, олардың көрші екенін ұмытпау керек. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Тұрғындар жиналысын өткізу қажет. Адамдар көптен бері көрші тұрып келеді, бір-бірінен алысытап, көшіп кете алмайды", - дейді Ақылбекова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети