35 миллиард теңге залал: Бас прокуратура “СҚ-Фармацияны“ тергеуге алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

35 миллиард теңге залал:  Бас прокуратура “СҚ-Фармацияны“ тергеуге алды Фото: sk-pharmacy.kz

Бас прокуратура Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) анықтаған деректер бойынша "СҚ-Фармация" ЖШС мен фармацевтикалық сала субъектілеріндегі ұрлық деректері бойынша қылмыстық тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) анықтаған деректер бойынша "СҚ-Фармация" ЖШС мен фармацевтикалық сала субъектілеріндегі ұрлық деректері бойынша қылмыстық тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде хабарлады.

Анықталған заңбұзушылықтар

Депутаттың айтуынша, ЖАП тексеруі барысында келесі деректер анықталған:

"Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы" АҚ:

  • Жалған клиникалық зерттеулер жүргізіп, 166,4 млн теңгеге дәрі-дәрмек бойынша қаражат игерілген;
  • Шын мәнінде алынбаған жабдыққа 36,7 млн теңге негізсіз жұмсалған.

"СК-Фармация" ЖШС (Бірыңғай дистрибьютор):

  • дәрі-дәрмек сатып алу кезінде мемлекетке 35,8 млрд теңге мөлшерінде залал келтірген.

"КазМедПром" ЖШС:

  • медициналық қолғаптарды Бірыңғай дистрибьюторға қымбат бағамен жеткізу арқылы 5,3 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған.

Тергеу барысы

"Бірыңғай дистрибьютордың дәрі-дәрмек сатып алуы барысында 35,8 миллиард теңге залал келтіруі, сондай-ақ "КазМедПром" ЖШС-нің қолғаптарды қымбат бағамен сатуы деректері Бас прокуратураның ақпаратты есепке алу кітабына (АЕК) тіркеліп, Қаржылық мониторинг агенттігіне процестік шешім қабылдау үшін жолданды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жалған клиникалық зерттеулер өткізу және алынбаған жабдық үшін қаражатты негізсіз игеру бойынша (жалпы сомасы 200 миллион теңгеден аса) Қоғамның қызметіне тексеру тағайындау туралы тапсырма Алматы прокуратурасына жолданды.

Бұдан бөлек, Бас прокуратура "СК-Фармация" ЖШС мен Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының қызметін тексеру бастамасын көтерді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети